2022 жылдың 17-25 сәуірі аралығында Өскемен қаласында волейболдан ЖОО арасында Республикалық ұлттық студенттік лиганың финалдық кезеңі өз мәресіне жетті. Жарысқа барлығы 8 команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ қыздар командасы алтын жүлдеге ие болып, жарыстың жеңімпазы атанды. Команда жетекшісі - аға оқытушы, спорт шебері Аделина Сулейменова.